«Нұр-Сұлтан – Еуразия маржаны, Тәуелсіз Қазақстанның елордасы» атты ғылыми-практикалық конференция

«Нұр-Сұлтан – Еуразия маржаны, Тәуелсіз Қазақстанның елордасы» атты ғылыми-практикалық конференция

Рио-де-Жанейро, 2022 жылғы 12 шілде – Қазақстан астанасы күніне орай «Нұр-Сұлтан – Еуразия маржаны, Тәуелсіз Қазақстанның астанасы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараны «Қазақстан-Бразилия» Достық форумы, Қазақстан Елшілігі және Флуминенсе Федералдық Университетінің Азиялық зерттеулер орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференция басында Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласына және сәулет ерекшеліктері мен көрікті жерлеріне арналған бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов конференция қатысушыларына Қазақстан астанасының тарихы мен дамуы туралы айтып берді. Қазақстандық дипломат бүгінде еліміздің символына және ел басшылығының саяси, экономикалық, әлеуметтік бастамаларын іске асыру үшін табысты тұғырнамаға айналған Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық дипломатия орталығы ретіндегі өз ұстанымын белсенді түрде нығайтып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Нитерой қаласының мәдениет жөніндегі хатшысы Александр Сантини өз сөзінде конференцияны бірлесіп өткізу мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды бастамаға айналғанын атап өтті. Александр Сантини өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, атап айтқанда, мәдениет, жастар және білім алмасу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.

Іс-шара барысында Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі мен Нитерой қаласының Мәдениет жөніндегі хатшылығы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл бірлескен жобаларды іске асыруға айтарлықтай серпін беретін болады.

Бразилиялық қатысушылар Қазақстан астанасына арналған бейнероликті, сондай-ақ Қазақстан астанасының архитектуралық ерекшеліктері мен көрікті жерлері туралы презентацияны ерекше қызығушылықпен тамашалады.

Атаулы күнді мерекелеу аясында мерекелік қабылдау мен фотокөрме де ұйымдастырылды.