Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі БҰҰ үйіне сыпайылықпен барды

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі БҰҰ үйіне сыпайылықпен барды

Бразилиа, 2022 жылғы 6 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов БҰҰ-ның Бразилиядағы өкілдігінде барып, Резидент-үйлестіруші Сильвия Ракспен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Қазақстанның БҰҰ аясындағы қызметімен және еліміздің халықаралық бастамалары және тұрақты даму бағдарламалары туралы айтып берді. Қазақстандық дипломат биыл Қазақстан БҰҰ-ға мүше болуының 30 жылдығын атап өтетінін, сондай-ақ еліміздің көпжақты дипломатия саласындағы өзінің мүшелік жылдарындағы үлесі туралы жеткізді.

Өз кезегінде Сильвия Ракс Бразилиядағы БҰҰ бөлімшесінің қызметімен мен құрылымын таныстырып, оған кіретін Бразилиа қаласында, сондай-ақ Бразилияның басқа қалалары – Рио-де-Жанейро мен Сальвадорда орналасқан 25 ұйымның бар екенін жеткізді.

Тараптар байланыстарды қолдауға және өзара қызығушылық тудыратын БҰҰ бағдарламалары желісі бойынша бірлескен таныстыру іс-шараларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.