Бразилияда Елорда күні мен достық қоғамының құрылуы атап өтілді

Бразилияда Елорда күні мен достық қоғамының құрылуы атап өтілді

Бразилия, 2022 жылғы 5 шілде – Астана күніне және Қазақстан-Бразилия Достық қоғамының («Қазақстан-Бразилия» Достық форумы) құрылуына орай Қазақстан Республикасының Елшілігінде Бразилияның қоғамдық-саяси, іскерлік және зияткерлік топтарының, сондай-ақ бразилиялық БАҚ өкілдерінің қатысуымен қабылдау өтті.

Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов өзінің құттықтау сөзінде қонақтарды құрылған форумның мақсаттары мен міндеттерімен және миссиясымен, сондай-ақ Қоғамның Басқарма және Қамқоршылық кеңесінің құрамын таныстырды. Қазақстандық дипломат екі ел арасында жаңа диалог алаңын құру мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге сенімді негіз және үлкен демеу болатынын атап өтті. Сонымен қатар, Елші Қазақстан астанасының жетістіктері мен биыл Қазақстанда өткізілетін халықаралық іс-шаралар туралы айтып берді.

Бразилия Планетарлық одағының Президенті, экс-Сенатор Улиссис Ридель өз үндеуінде көрсетілген құрмет пен форумның Президенті ретінде сайлану мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Бразилиялық саясаткері Қазақстанмен көпжылдық ынтымақтастық тәжірибесіне ие бола отырып және бұл елді «сырттан емес» біле отырып, Бразилия мен Қазақстан арасындағы достықты, өзара түсіністік пен серіктестікті одан әрі нығайту үшін бар күшін салатынын атап өтті. У.Ридельдің айтуынша, Қазақстан Президент Тоқаевтың басшылығымен жүйелі өзгерістерге сенімді бағыт алып, елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда табыс тіледі. Сондай-ақ, бразилиялық саясаткер Қазақстан Елшілігін Астана күнімен құттықтап, оған осы жылдың қыркүйегінде тағы да қуана келетінін айтты.

Форумның Қамқоршылық кеңесі атынан сөз сөйлеген Бразилия журналистер қауымдастығының Президенті Фабиана Джейхан жиналғандарды достықтың қоғамдық ұйымының құрылуымен құттықтады. Ол Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан мемлекет және халықаралық аренадағы үдерістердің белсенді қатысушысы ретінде танылып отырғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар айтарлықтай жандануда, қызықты бірлескен жобалар іске асырылуда, ең бастысы, Бразилия баспасөзімен тығыз диалог жолға қойылды. Бұл ретте, Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің қызметі маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Фабиана Джейхан Бразилия журналистер қауымдастығының басқармасымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповке жергілікті баспасөзбен белсенді өзара іс-қимылы және Бразилия астанасының медиа қауымдастығына сәтті кіріггені үшін «жыл Елшісі-2022» атағын беру туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Астана күніне және Қазақстан–Бразилия достық қоғамының құрылуына орай іс-шара аясында қонақтар үшін Қазақстан астанасына арналған фотокөрмесі, сондай-ақ ұлттық тағамдардың негізгі элементтері бар ұлттық үстел ұйымдастырылды.

Анықтама: «Abrajinter» халықаралық және дипломатиялық саладағы Бразилия журналистер қауымдастығы (https://abrajinter.com.br/) тәуелсіз ұйымды білдіреді. «Аmbassador of the Year» атағы – бұл қауымдастықпен белсенді қарым-қатынас жасағаны үшін жыл сайынғы екі Елшіге берілетін номинациясы. Өткен жылы бұл атаққа Германия мен Италия Елшілері, ал биыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея Елшілері ие болды.