Қазақстанның Құрметті Консулдарының жыл сайынғы конференциясы

Қазақстанның Құрметті Консулдарының жыл сайынғы конференциясы

Бразилиа, 2022 жылғы 26 қаңтар – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Америка өңірімен саяси, сауда-экономикалық, академиялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Оңтүстік Америка елдеріндегі Құрметті Консулдарының қатысуымен жыл сайынғы конференция өтті.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов жиналғандарды Қазақстанның өңірмен өзара іс-қимылының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларымен таныстырып, 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспарларына назар аударды. Атап айтқанда, Құрметті Консулдардың ү.ж. сәуір-мамыр айларында іскерлік орта өкілдерінің ілесуімен Қазақстанға алдағы сапары.

Өз кезегінде, ҚР Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің Директоры Нұрғали Арыстанов Қазақстандағы жағдайдың тұрақтануы туралы және зардап шеккен қалалардың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру және инфрақұрылымдық нысандарды қайта құру туралы егжей-тегжейлі ақпаратты берді. Сондай-ақ, Н.Арыстанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның одан әрі табысты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған ҚР Үкіметінің алдына нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

Іс-шара барысында «Kazakh Invest» ҰК Өкілі Ғалымжан Матаев Қазақстанның инвестициялық саясаты, инвестициялық климатты жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар және әлеуетті инвесторлар үшін қолдаудың жаңа құралдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ Оңтүстік Америка елдерінің Құрметті консулдарына инвестициялық ұсыныстарды ұсынды.

Сонымен қатар, ҚР-ның Аргентинадағы Құрметті Консулы Густаво Гуттиерез, Чилидегі Андрес Реболледо және Колумбиядағы Омар Вальдес жыл сайынғы баяндамаларымен сөз сөйледі. Өз есептерінде Құрметті Консулдар конференцияға қатысушыларды өз елдерінде Қазақстанның имиджін ілгерілету, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.