Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилиядағы Бахия Штатының басшылығымен келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилиядағы Бахия Штатының басшылығымен келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Бахия Штатының басшылығымен онлайн режимінде кездесуді жүргізді. Кездесу барысында Бахия штаты мен Қарағанды ​​облысы арасындағы серіктестік туралы меморандумға қол қоюға дайындық мәселелері, сондай-ақ осы күзде Бахия штаты экономикалық делегациясының Қазақстанға сапары мәселелері талқыланды. Тараптар өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық және басым жобалар туралы пікір алмасты.