Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Сан-Паулу штатындағы Прая Грандедегі Неймар институты баcшылармен кездесті.

Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Сан-Паулу штатындағы Прая Грандедегі Неймар институты баcшылармен кездесті.

Сан-Паулу қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Сан-Паулу штатындағы Прая-грандедегі Неймар институтына барды. Балаларды дене шынықтыру және тәрбиелеу орталығына бару вице-президент, әлемге әйгілі бразилиялық футболшы Неймардың әкесі Неймар да Силва Сантос мырзаның шақыруымен ұйымдастырылды.

Елші балалар мен жастардың дене шынықтыруы мен ақысыз негізде білім беру бағдарламаларын біріктіретін осы институттың жұмысымен танысты. Осы институт бағдарламаларына қатысушылар негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары екендігі назар аудартады. Осылайша, бұл институтты академиялық және білім беру элементтері бар әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде жіктеуге болады. Институттың өзінің клиникасы мен зертханалары бар. Тараптар балалардың дене тәрбиесі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Неймар институты (Instituto Projeto Neymar Jr.) 2010 жылы құрылып, 2014 жылы ресми түрде ашылды. Қазіргі кезде Институт ауданы аумағында 8400 м2 алаңда 12000 балалар мен жастарды оқытуда.