Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Сан-Паулу штатының Өнеркәсіп Федерациясының Директоры Томас Занеттомен және Minerva Foods Президенті Фредерико де Кейрушпен кездесті.

Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Сан-Паулу штатының Өнеркәсіп Федерациясының Директоры Томас Занеттомен және Minerva Foods Президенті Фредерико де Кейрушпен кездесті.

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Сан-Паулу қаласына жұмыс сапары барысында Сан-Паулу штатының Өнеркәсіп Федерациясының басқарушы директоры Томас Занеттомен және «Minerva Foods» Президенті Фредерико де Кейрушпен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздердің күн тәртібіне сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және перспективалық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері кірді. Елші қарсы серіктестерді құрылатын Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің жұмысына белсенді қатысуға шақырды. Тараптар кездесулер барысында анықталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар дайындауға келісті.

Сан-Паулу штаты - әлемдегі ең ірі экономикалар рейтингінде 21-орынға ие, Бразилияның өнеркәсіптік жағынан дамыған және халқы тығыз орналасқан өңірі. Штаттың ЖІӨ 603,4 миллиард долларды және бұл елдің ЖІӨ-нің 31,2% құрайды. Сан-Паулу штаты - экономикасы бойынша үшінші және Латын Америкасындағы тұтыну нарығы бойынша үшінші орында.