Қазақстан мен Бразилияның парламентаралық өзара іс-қимылы кеңеюде

Қазақстан мен Бразилияның парламентаралық өзара іс-қимылы кеңеюде

Бразилиа, 2021 жылғы 8 шілде - Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Ұлттық конгресінің сенаторы – «Бразилия-Қазақстан» достық тобының мүшесі Эсперидияо Амин Хелу Фильомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы негізгі жетістіктерімен және елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырып, сондай-ақ парламентаралық диалогты дамыту екі ел арасындағы саяси қатынастардың басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, тараптар үстіміздегі жылдың күзінде өткізуді жоспарланып отырған екі ел парламенттерінің достық топтарының бірлескен отырысын ұйымдастыруды талқылады.

Сондай-ақ, тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін, әсіресе екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды кеңейту үшін Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесін құру жөніндегі бірлескен шараларды қозғады.

Өз кезегінде Сенатор Қазақстанның реформалары мен жетістіктеріне жоғары баға беріп, сауда-экономикалық, мәдени және ғылыми-білім беру салаларындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға дайын екендіктерін айтты.

Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповті Бразилия Ұлттық Конгресінің екі палатасының бірлескен отырысына шақырды және кездесуде Сенатының Төрағасы Родриго Пачеко оны құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.