Қазақстан Республикасының Оңтүстік Америкадағы Құрметті консулдарының жұмысын жандандыру

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Америкадағы  Құрметті консулдарының жұмысын жандандыру

Бразилия, 2021 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстанның Аргентинадағы, Колумбиядағы және Чилидегі Құрметті консулдарымен, сондай-ақ Парагвай мен Перудағы ҚР Құрметті консулдарына үміткерлерімен бейнеконференция өткізді.

Аталған елдердің ерекшелігі мен экономикалық әлеуетін ескере отырып, Қазақстанның Оңтүстік Америка елдерімен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын күшейту үшін Құрметті консулдардың назарына Мемлекет басшысының Жолдаулары аясында, сондай-ақ еліміздің экономикасына нақты шетелдік инвестицияларды тарту қажеттілігі тұрғысынан Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін жеткізу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, Құрметті консулдардың Қазақстан Республикасының және оның азаматтары мен заңды тұлғаларын құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша міндеттері анықталды. Елші Б.Нүсіпов Құрметті консулдар тарапынан саяси және сауда-экономикалық қатынастарды, сондай-ақ аймақтағы елдерімен ғылыми-мәдени байланыстарды дамыту мен нығайтуға барынша белсенді жәрдемдесу қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты оларға тиісті тапсырмалар берілді. Жалпы, тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Америка елдері арасындағы ынтымақтастықтың кең күн тәртібін талқылап, нақты жоспарларды белгіледі және аккредиттелген елдерінде өткізілетін экономикалық, мәдени-гуманитарлық сипаттағы іс-шараларды айқындауға уағдаласты.