Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының Президенті Робсон Брага де Андрадемен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының Президенті Робсон Брага де Андрадемен кездесті

Бразилиа, 8 маусым 2021 - Елші Болат Нүсіпов 27 аймақтық өнеркәсіп федерациялары мен 700 мың кәсіпорыны бар 1280 кәсіподақтарын біріктіретін Бразилия ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының (CNI) Президенті Робсон Брага де Андрадемен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны кеңейтуге, атап айтқанда тау-кен секторы, агроөнеркәсіп кешені, энергетика және сауда салаларында қызығушылықтарын білдірді.

Қазақстан Елшісі конфедерация басшылығын екі елдің кәсіпкерлері арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту және кеңейту болатын Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің тең құрылтайшысы ретінде қатысуға шақырды. Сонымен қатар, ол екі ел арасындағы өнеркәсіп саласындағы бар әлеуетті және бразилиялық компаниялардың ұсыныстарын ескере отырып, сұхбаттасушысына серіктестік ретінде «QazIndustry» Қазақстандық өнеркәсіп және экспорт орталығы ұсынды.

Конфедерация басшысы өз кезегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы бразилиялық бизнестің аймақтық хабы ретіндегі мүмкіндіктерін, сондай-ақ бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті жобалардың болуын жоғары бағалай отырып, қауымдастықтың Бразилия тарапынан тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы (ет өңдеу, тыңайтқыштар мен соя өндірісі және т.б.) және машина жасау салаларында Қазақстанмен ынтымақтастық шеңберінде жетекші ұйым ретінде әрекет етуге дайындығы туралы айтты.