Қазақстан мен Эквадор арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кеңеюде

Қазақстан мен Эквадор арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кеңеюде

Бразилиа, 2021 жылғы 26 қаңтар – «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен инвестиция тарту және экспортты ілгерілету жөніндегі «Pro Ecuador» агенттігінің қызметіне жетекшілік ететін Эквадордың Индустрия, сыртқы сауда, инвестиция және балық шаруашылығы министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған құжат тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға және сауда айналымының көлемін, екіжақты инвестициялар мен технологиялар трансфертін ұлғайтуға бағытталған.

Меморандумды іске асыру Бразилиядан кейін біздің еліміздің оңтүстік америка өңіріндегі ең ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылатын Қазақстан мен Эквадор арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама: 2020 жылғы қаңтар-қарашада кезеңінде Қазақстан мен Эквадор арасындағы тауар айналымы 24,6 млн. долларды құрады (экспорт - 3,7 мың. доллар, импорт - 24,6 млн. доллар). Қазақстан экспортының негізгі тауарлары: пластмассадан әзірленген бұйымдар, вулканизацияланған резеңке мен қара металдар, құбырларға немесе түтіктерге арналған фитингтер. Эквадор экспортының негізгі тауарлары: гүлдер, банандар, көшеттер, тұқымдар және балық өнімдері.