Маңызды ақпарат

Маңызды ақпарат

Құрметті сайлаушылар!

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.

ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «ADAL» Саяси партиясы - 16 адам; «Nur Otan» партиясы - 126 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «Қазақстан Халық партиясы»  - 113 адам.

Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің телефоны +55 (61) 99931208 бойынша және consulkz.brazil@mfa.kz электрондық пошта арқылы біле аласыз.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 10 қаңтар 2021 жылы SHIS QI9, Conjunto 03, Casa 08 - Lago Sul Brasília - DF мекенжайында, No 297 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.