Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Аргентинада Абай Құнанбайұлының көшесі пайда болды

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Аргентинада Абай Құнанбайұлының көшесі пайда болды

2020 жылғы 14 желтоқсан, Росарио - Аргентинадағы Росарио қалалық муниципалдық кеңесінің №10.126 қаулысымен қала көшелерінің біріне, атап айтқанда Сан Фернандо жаңа ауданыңда қазақ ақыны, ойшылы және ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық аясында ақынның есімі берілді.

Қалалық кеңес төрағасының орынбасары Агапито Бланка өз мәлімдемесінде Абайдың қазақ халқы мен әлемдік мәдениет тарихындағы маңызды рөлін атап өтіп, қазақ ойшылының есімін қала көшелерінің біріне беру туралы шешімді кеңестің барлық мүшелері бірауыздан қабылдағанын айтып. Сондай-ақ, бұл аргентиналықтардың Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға бейілділігін және 2019 жылғы желтоқсанда жасалған Росарио мен Алматы арасындағы бауырлас қатынастардың ерекше куәландыратының жеткізді.

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Росариода орналасқан Аргентина туының Ұлттық мемориалдық кешенінде Қазақстанның Мемлекеттік Туы кезекті рет көтерілуде.

Анықтама: Росариода 2016 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық елшісі болып табылатын бұрынғы отандасымыз Ирина Вагнердің, сондай-ақ оның жұбайы Густаво Гутиеррес басшылығымен қазақстандық мәдени орталық жұмыс атқаруда, ол 2017 жылы ҚР Аргентинадағы Құрметті консулы болып тағайындалған. 2016 жылдан бастап Росарио қаласы әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын 16 желтоқсанда Қазақстанның Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өткізіледі.