Эль-Сальвадор Елшісінің сыпайылық сапары

Эль-Сальвадор Елшісінің сыпайылық сапары

Бразилиа, 2026 жылғы 13 тамыз –Эль-Сальвадор Республиканың Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Луис Альберто Апарисио мырза Қазақстан Республикасының Елшілігіне сыпайылық жүздесумен келіп, ҚР-дың Бразилиядағы Елшіcі Болат Нүсіповпен кездесті.

Кездесу барысында дипломаттар дипкорпус арасындағы ықпалдастық мәселелерін талқылап, Бразилиямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі тустары жөніндегі ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, тараптар болу еліндегі қызмет тәжірибесімен бөлісіп, елшіліктер деңгейінде достық қарым-қатынастарды сақтауға әзірліктерін білдірді.