Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы

Бразилиа, 2026 жылғы 8 шілде – Қазақстан Елшілігінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтің Федералдық жол қозғалысы департаментінің (DETRAN) басшылығы – Маркус Минузи мен Жоау Паулу Родригеспен, сондай-ақ Оңтүстік Америка елдеріндегі жол қозғалысы департаменттерінің халықаралық қауымдастығының (IACP) ресми өкілі Вильям Миллермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Қазақстанның «Sergek» интеллектуалды бақылау жүйесіне арналған таныстырылым өткізіліп, тиісті материалдар ұсынылды. Тараптар қазақстандық «Sergek» компаниясымен бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіріп, онлайн форматта келіссөздер өткізуді ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Бразилия тарапы Қазақстан Елшілігі мен «Sergek» компаниясын биылғы тамыз айында Сан-Паулу қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың қатысуымен өтетін «Cop International» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.