Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы

Бразилиа қ, 2026 жылғы 1 шілде - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Сыртқы сауда, өнеркәсіп және қызметтер министрінің орынбасары Татьяна Празереспен кездесу өткізді.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасын соңғы саяси реформалар аясында Қазақстанның қазіргі даму барысымен, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалмен, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды.

Тараптар, 2021 жылы құрылған «Бразилия–Қазақстан» Іскерлік кеңесінің қызметін, Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраның ағымдағы жылдың мамыр айында Астанаға жасаған сапарының нәтижелерін жоғары бағалап, екіжақты тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге бірлесе күш салуға келісті.

Қазақстан тарапы екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырудың және тауар номенклатурасын әртараптандыру арқылы экспорт пен импортты ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, сауда саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпін беру мақсатында, қолданыстағы Үкіметаралық комиссия (ҮАК) аясында екі елдің сауда министрліктері деңгейінде ведомствоаралық жұмыс тобын құру мүмкіндігі қарастырылды.