Бразилиа, 2026 жылғы 23 маусым - Иордан Хашимит Корольдігінің Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Маен Макадеш мырза Қазақстан Республикасының Елшілігіне сыпайылық жүздесумен келіп, ҚР-дың Бразилиядағы Елшіcі Болат Нүсіповпен кездесті.
Кездесу барысында дипломаттар дипкорпус арасындағы ықпалдастық мәселелерін талқылап, Бразилиямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі тустары жөніндегі ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, тараптар болу еліндегі қызмет тәжірибесімен бөлісіп, елшіліктер деңгейінде достық қарым-қатынастарды сақтауға әзірліктерін білдірді.