
Бразилиа, 2026 ж. 18 маусым – Елші Болат Нүсіпов Бразилиядағы Қазақстан елшілігінде Минас-Жерайс Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Витор Бизарро Фрагамен (Vitor Bizarro Fraga) және «Бразилия-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Касиано Вианамен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Бразилияның Минас-Жерайс штаты арасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнатуға қатысты мәселелер, әсіресе тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларында талқыланды.
Әңгімелесушіміз «Минас-Жерайстағы Қазақстан күні» форматында штат астанасы Белу-Ризонтеде Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері мен екіжақты ынтымақтастықтың тұсаукесерін ұйымдастыруды ұсынды. Қазақстан Елшісі сұхбатшыны екі елдің тарихи қалалары – Уро-Прету (Минас-Жерайс, Бразилия) және Семей (Абай облысы, Қазақстан) арасындағы бауырластық туралы баяндады.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар бұл мақсатты белсенді түрде жүзеге асыруға және штат астанасында Қазақстанның Құрметті консулдығын ашуды қарастыруға келісті.
Анықтамалық: шамамен 22 млн. халқы бар Минас-Жерайс штаты Бразилиядағы халқының саны бойынша екінші, ал аумағы бойынша төртінші орында. Бұл штат Бразилияның негізгі тау-кен базасы болып табылады, алтын, гауһар тастар, боксит, графит, никель, сондай-ақ темір, марганец және уран кенін өндіреді. Сонымен қатар бұл аймақта ірі жүк көліктерін шығаратын зауыт орналасқан.
Штатта мал және ауыл шаруашылығын, соның ішінде кофе, қант қамысы, темекі, цитрус жемістері, дәнді дақылдар және басқа да азық-түлік дақылдарын өсіру дамыған. Бүгінгі таңда Минас-Жерайс Бразилиядағы экономикалық тұрғыдан дамыған және халқы тығыз орналасқан штаттардың бірі.