Перумен ынтымақтастық талқыланды

Перумен ынтымақтастық талқыланды

Бразилиа, 2026 ж. 12 маусым - Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Болат Нүсіпов Перу Елшілігінде перулік әріптесі Елші Ромуло Акуриомен кездесті.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, биыл Лимада екінші СІМ аралық консультацияларды өткізу, сондай-ақ Дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері үшін визалық талаптарды алып тастау туралы келісімге қол қоюға дайындық жұмыстары.

Сондай-ақ, тараптар Перу Парламентінде Перу-Қазақстан парламенттік достық тобын құру мүмкіндігін талқылады. Екі тарап тау-кен өнеркәсібінде, әсіресе литий өндіру мен жеткізуде, сондай-ақ көлік және логистика саласында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық танытты.

Перу тарапы Лимадағы Қазақстан Елшілігін тепе-теңдік негізінде ресми түрде аккредиттеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің дипломатиялық миссиялары арасында үздіксіз жұмыс байланыстарын сақтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан Елшісі Перу тарапын елдегі президент сайлауымен құттықтап, Бразилиядағы дипломатиялық миссиясынның аяқталуына орай, Елші Ромуло Акулиоға тығыз және достық ынтымақтастық үшін алғыс айтты.

Анықтамалық: Екі ел арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы 2018 ж. желтоқсанында Астанада Перу Сыртқы істер министрлігінің бас директоры Дж. Эскалоның сапары кезінде өтті. Перу әлемдегі ең ірі литий қорларының біріне, сондай-ақ Тынық мұхиты жағалауындағы порттары арқылы орасан зор көлік және логистикалық әлеуетке ие.