
Бразилиа, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігіне ізгілік сапарымен Сербияның Бразилиядағы Елшісі Александр Ристич және Сербия Республикасының Рио-де-Жанейродағы Құрметті консулы Деян Петкович келді.
Кездесу барысында тараптар Рио-де-Жанейро штаты мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, энергетика саласы мен ауыл шаруашылығы бағытындағы ықпалдастықты кеңейтуге ерекше қызығушылық танытылды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, екі елдің Бразилиямен ынтымақтастығы, сондай-ақ футболды қолдау және дамыту бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында Деян Петкович Елшіліктің Құрметті қонақтар кітабына және бразилиялық «Сантос» футбол клубының жейдесіне естелік жазба қалдырды. Деян Петкович – «Црвена Звезда», «Реал Мадрид», «Севилья» клубтарында, сондай-ақ Бразилияның «Фламенго», «Васко да Гама», «Флуминенсе» және «Сантос» командаларында өнер көрсеткен танымал сербиялық футболшы. Ол кәсіби мансабын 2011 жылы Бразилияның жоғары лигасында аяқтап, кейін біраз уақыт елде футбол жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.