
Бразилиа, 2026 ж. 10 маусым – Елші Болат Нүсіпов Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінде Бразилия темекі өнеркәсібі федерациясының «Sinditabaco» Президенті Валмор Тесингпен және «Бразилия-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Кассиано Вианамен кездесті.
Кездесу барысында таза темекі өндірісі технологиялары мен жабдықтары саласында екіжақты ынтымақтастықты орнатуға қатысты мәселелер талқыланды.
Сұхбатшының хабарлауынша, Бразилия әлемдегі жетекші темекі экспорттаушы болып табылады, өндіріс көлемі бойынша Қытай мен АҚШ-тан кейін үшінші орында (жылына шамамен 600-700 мың тонна). Бразилия темекісінің шамамен 85-90%-ы, негізінен Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияға экспортталады. Бразилияның негізгі темекі плантациялары оңтүстік Риу-Гранди-ду-Сул, Санта-Катарина және Парана штаттарында шоғырланған.
Осыған байланысты сұхбатшы осы салада жұмыс істейтін Қазақстандағы ұқсас ұйымдар мен компаниялармен серіктестік орнатуға қызығушылық танытты. Тараптар екі елдің әлеуетті серіктестерінің онлайн кездесуін ұйымдастыруға келісті.