Уругваймен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Уругваймен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилиа, 2026 жылғы 8 маусым - Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Болат Нүсіпов Уругвай елшілігіне барып, уругвайлық әріптесі, Елші Родольфо Нин Новоамен кездесті.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, атап айтқанда, биыл Астанада екінші СІМ аралық консультацияларды өткізу, сондай-ақ Дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері үшін визалық талаптарды алып тастау туралы келісімге қол қоюға дайындық жұмыстары талқыланды.

Тараптар 2024 жылы Монтевидеода ашылған Уругвайдағы алғашқы құрметті консулдықтың жұмысын жоғары бағалады және Уругвай Парламентінде «Уругвай-Қазақстан» парламенттік достық тобын құруды қолдады. Сондай-ақ, мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы және ірі қара мал өсіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық танытты.

Уругвай тарабы Уругвайдағы Қазақстан Елшілігін теңдік негізде ресми түрде аккредиттеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің дипломатиялық миссиялары арасында үздіксіз жұмыс байланыстарын сақтау туралы келісімге қол жеткізілді.

Айта кететін жайт, Уругвайдың Бразилиядағы Елшісі Родольфо Нин Новоа Уругвайдың сыртқы істер министрі ретінде 2019 ж. қазан айында өткен Дүниежүзілік онкологиялық көшбасшылар саммитіне қатысуы аясында Астанаға сапармен барып қайтқан.

Анықтамалық: Екі ел арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы 2024 ж. мамыр айында Қазақстан сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Қайрат Умаровтың Монтевидео қаласына сапары кезінде өтті.