
Фос-ду-Игуасу қ., 21.04.2026 ж. - 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлемнің танымал боксшыларын жинаған бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтуде.
Алғашқы жекпе-жек қорытындысы бойынша үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (54 кг дейін), Фарух Тоқтасынов (70 кг дейін), Диас Молжігітов (80 кг дейін) жеңіске жетті. Фос-ду-Игуасуға қазақстандық спортшыларды қолдау және жанкүйер болу үшін Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері, Парана штатындағы ҚР Құрметті консулдығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның достары келді.
Анықтама: 2026 жылы бокстан Әлем кубогы World Boxing ұйымының қолдауымен өткізіледі. Кубок бірнеше кезеңнен тұрады: Бразилия — сәуір (бірінші кезең), Қытай — маусым, Өзбекстан — финалдық кезең (қараша).