
Бразилиа қ., 2006 ж. 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның COP30 Президенті, Елші Андреа Корреа ду Лагумен кездесті.
Тараптар,кездесу барысында жаһандық климаттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, сондай-ақ 2025 жылғы қараша айында Белен қаласында өткен БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі COP30 конференциясының табысты өткізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, тұрақты даму және климаттық саясат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Елші Нүсіпов,әңгіме барысында 2026 жылғы 22–24 сәуір күндері Астана қаласында өткізілуі жоспарланып отырған Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Елші Андреа Корреа ду Лагуға шақыруды қайта жеткізді.