Чилилік «Ceibo» компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Чилилік «Ceibo» компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Сантьяго, 2026 жылғы 9 наурыз – Чилиге жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «Ceibo» компаниясының Стратегиялық даму жөніндегі директоры Франсиско Жериямен кездесті.

Кездесу барысында елші сұхбаттасушыны Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы және елдегі шетелдік инвесторларға үкіметтің қолдау шаралары туралы хабардар етті.

Қазақстандағы тау-кен секторын дамытуға және осы саладағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты, Қазақстан үкіметінің алдағы үш жылда геологиялық барлауды кеңейту және қаржыландыру жоспарлары, сондай-ақ «Қазақмыс» компаниясымен ынтымақтастық орнату мүмкіндігі атап өтілді. Осы орайда, қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны 2026 ж. сәуірінде өтетін Халықаралық геологиялық форумға (GECA) қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Франсиско Жерия «Ceibo» компаниясының мүмкіндіктерімен таныстырып, тау-кен секторында Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық таныттып, GECA форумына қатысу ниетін және Астанадағы тиісті қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға дайын екенін білдірді.

Анықтамалық: «Ceibo Inc.» - 2007 жылы Сантьягода құрылған, озық тау-кен технологияларын әзірлейтін чилилік компания. Компания өнімділікті арттыруға, көміртегі ізін азайтуға және пайдалану шығындарын азайтуға бағытталған бастапқы және қайталама мыс сульфидтерін экологиялық таза шаймалау әдістеріне маманданған.