Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды

Бразилиа, 2026 жылғы 27 ақпан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Сыртқы істер министрінің сауданы ілгерілету, ғылым, технология, инновация және мәдениет жөніндегі орынбасары Лаудемар Гонсалвес де Агиар Нетомен кездесті.

Қазақстан Елшісі бразилиялық тарапты Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, елдегі қолайлы инвестициялық ахуал және шетелдік инвестицияларға мемлекеттік қолдау туралы хабардар етті.

Кездесуде Қазақстандағы конституциялық реформаның негізгі аспектілерінебасты назар аударылды. Қазақстандық дипломат Қазақстанның жаңа конституциялық моделі экономика алдында жасанды интеллект маңызды рөл атқаратын шикізатқа негізделген модельден технологиялық модельге көшу мақстаттарды алға қоюда. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту жылы деп жариялаған.

Сонымен қатар, екіжақты сауда ынтымақтастығын нығайту мақсатында екі елдің министрлік деңгейінде сауда және инвестиция бойынша ведомствоаралық Жұмыс тобын құру бойынша келіссөздерді қайта бастау ұсынылды.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігі және экспорт пен импортты ілгерілету үшін мемлекеттік қолдау шараларының қажеттілігі туралы келісті.

Тараптар 2021 жылы құрылған «Бразилия-Қазақстан» іскерлік кеңесінің екі елдің бизнес қауымдастықтары арасында тікелей экономикалық ынтымақтастықты орнату және кеңейту жөніндегі жұмысын жоғары бағалады және осы ынтымақтастық тетігін қолдауға келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша елшілік пен министрлік арасында сауда-экономикалық мәселелер бойынша үздіксіз жұмыс байланыстарын сақтау туралы келісімге қол жеткізілді.