Қазақстан мен Бразилия цифрлық диалог орнатты

Қазақстан мен Бразилия цифрлық диалог орнатты

Бразилиа, 2025 ж. 5 желтоқсан – Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен осыдан бұрын қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Ақпараттық технологиялар мамандары қауымдастығының (ASSESPRO) Президенті Дэйпсон Чиприано мен Қазақстан IT компаниялары қауымдастығының Президенті Айымгүл Әбілева арасында IT саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн форматта қол қойылды.

Құжатта екі елдің осы саладағы ынтымақтастығы, бизнес қауымдастығын біріктіру және IT жобаларын ілгерілетуге көзделген. Сонымен қатар, екі ұйым жаңа IT технологияларын енгізу, цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту бойынша бірлескен форумдар өткізеді деп жоспарлап, бұл форумдарға екі елдің IT компаниялары тікелей және онлайн режимінде қатысады.

Аталған құжатқа қол қою және екі қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты орнату, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: қазіргі қиындықтар және оларды сандық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Қазақстан халқына жолдауында қойған мақсаттарды жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өткен жөн.

Қазақстан мен Бразилия цифрлық жаңғырту саласында үлкен әлеуетке және осы салада бастапқы ұстанымдар мен басымдықтарға ие.
Екі ел арасындағы цифрлық диалогтың негізгі құрамдас бөлігі жасанды интеллектті кеңінен енгізу, үлкен деректерді пайдалану және ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында цифрландыру технологияларын пайдалану бойынша тәжірибе алмасу болады.

Қазақ Елшісі Болат Нүсіпов екі қауымдастықтың мүшелері болып табылатын қазақстандық және бразилиялық компанияларды 2026 жылғы көктемде Қазақстанда өтетін Іскерлік кеңестің келесі отырысына қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Бразилияның IT іс-шараларының күнтізбесімен алмасуға және жылына бір рет бірлескен кездесу өткізуге келісті.

Анықтамалық: Бразилиядағы үлкен деректерді (big data) денсаулық сақтау, бөлшек сауда және қауіпсіздік сияқты әртүрлі салаларда шешім қабылдауды жақсарту және операцияларды оңтайландыру үшін қолданылады. Жаһандық жасанды интеллект индексіне сәйкес, Бразилия қазіргі уақытта 62 елдің ішінде 39-шы орында жайғасқан.

ASSESPRO 1976 ж. Сан-Паулуда құрылған, ақпараттық технологиялар саласындағы ең көне ұйым болып табылады және ел бойынша 1200-ден астам мүше компанияларды біріктіреді.