
Манаус қ., 2025 жылғы 17 қараша – Бразилияның COP30 климаттың өзгеруі конференциясына төрағалығы аясында Амазония штаты үкіметінің шақыруымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Манаус қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты.
Астанаға сапары барысында Болат Нүсіпов штат астанасында экономикалық даму, технологиялар және инновациялар жөніндегі хатшы мырза Густаво Игрежас, депутат және туризм жөніндегі хатшы мырза Марсель да Силва, сондай-ақ Манаус еркін сауда аймағын басқаруға жауапты федералдық агенттік SUFRAMA-ның директоры мырза Боско Сарайвамен келіссөздер жүргізді. Қазақстан Елшісін штаттың федералдық полициясының басшысы мырза Джеф МакДональд қарсы алды.
Тараптар, Қазақстан мен Амазония штаты арасында сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ академиялық алмасулар мен туризм саласындағы ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері мен жолдарын талқылады. Бразилиялық тарап, бизнес үшін озық технологияларды пайдаланатын Манаус еркін сауда аймағын таныстырды.
Кездесуде Амазонка штатының Қазақстан аймақтарының бірімен серіктестігін орнату, сондай-ақ болашақта Манаус қаласында біздің еліміздің Құрметті консулдығын ашу мәселесі талқыланды.
Анықтамалық: Бразилияның Амазонка штаты - Бразилияның аумағы бойынша ең ірі штаты, Амазонка өзені бассейнінің ең аз дамыған бөлігінде орналасып, ел аумағының 18%-дан астамын алып жатыр. Штаттың астанасы Манаус, Амазонка аймағының дамуын жеделдетуге бағытталған еркін экономикалық аймақ деп жарияланған. Ол штаттың өнеркәсіптік өнімінің шамамен 98% құрайды. Бұл өнімнің жартысынан көбісі ұялы телефондар, компьютерлер мен перифериялық құрылғылар, аудио және бейне және кеңсе жабдықтарын қоса алғанда, электр және электроника өнеркәсібінде өндіріледі. Сонымен қатар, Манауста мотоцикл, сағат, балалар ойыншықтары, термопластикалық бұйымдар, тұрмыстық химия мен металлургия өндірісі дамыған.
Манауста Амазонка аймағындағы жалғыз мұнай өңдеу зауыты орналасқан. Амазонас штатында тау-кен өнеркәсібі (қалайы, алюминий, тантал мен темір кендері өндіріледі, пирит, қорғасын, мыс, хром және марганец қорлары барланған, алтын мен бағалы тастар өндіріледі), мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық аулау дамыған.