
Сантьяго қ., 2025 жылғы 14 қараша – Чили астанасында Қазақстанның Республикасы күні мен ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы дала мен Анд үні» атты поэтикалық атауымен концерт өтті. Іс-шараны «Қазақстан-Чили» достық қоғамы ҚР-дың Бразилиядағы және Чилидегі қоса атқарушы Елшілігі мен Чили Университетінің халықаралық зерттеулер институтының қолдауымен ұйымдастырды.
Салтанатты кеш, Достық қоғамының жетекшісі, Димаш Құдайберген фан-клубының басшысы Кармен Сандовалдың құттықтау сөзімен ашылды. Оның Абай өлеңімен сүйемелденген сөздері, екі құрлықтың мәдениеті, поэзиясы мен әуенін тоғыстырған бұл шараға достық пен жылы шырайлы рух сыйлады.
Сахнат өрінде дала рухына толы әйгілі қазақ әуендері мен поэзиялық өлеңдері орындалды. Шарапия Кәкімованың Абайдың танымал «Көзімнің қарасы» әуені мен «Дударай» халық әнін орындауы, көрермендерді ерекше ықыласқа бөледі. Сондай-ақ, чилилік музыкант Мария Аргентина Муньос домбырада қазақ күйлерін орындап, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.
Іс-шараның ең жас қатысушысы, Димаш Құдайберген фан-клубының мүшесі Максимо Леон, кештің нағыз жаңалығы болды. Оләйгілі қазақстандық әншінің әндерін қазақ тілінде орындап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Кеш соңында достық қоғамының өзге де чилилік музыканттары, оның ішінде Кирия Домингес саксофон мен трубада әлемге танымал орындаушылардың әуендерін орындап, мерекелік кешті әсерліреңкте аяқтады.
Биыл Қазақстан мен Чили, дипломатиялық қатынастар орнауының
32 жылдығына тап өтуде. Ынтымақтастықтың жалғасы ретінде 2026 жылғы жазда «Қазақстан–Чили» достық қоғамының бесінші отырысын өткізу жоспарлануда. Бұл шара, екі ел арасындағы диалог пен халық дипломатиясын нығайтудың келесі қадамы болмақ.