Қазақстан СОР30 Конференцияның көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстан СОР30 Конференцияның көшбасшылар  саммитінің ашылуына қатысты

Белен қ., 2025 жылғы 6 қараша – Бразилияның төрағалығымен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының тараптары 30-шы Конференциясының (СОР30) көшбасшылары саммитінің ресми ашылуы өтті. Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі негізгі сын-қатерлерді талқылау және міндеттемелерді пысықтау үшін пленарлық сессияға мемлекет пен үкімет басшылары, парламент спикерлері, сыртқы істер министрлері, салалық министрліктер мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан делегациясын ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бастап қатысты.

Саммиттің ашылуында Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва, бұл кездесу, климат күн тәртіп бойынша халықаралық жұмылдыру мен диалогтың маңызды кезеңі екенін атап өтті. Ол, саммиттің Амазонияда өткізілуі, Бразилия, өңір және жалпы бүкіл әлем үшін терең нышандық мәнге ие екенін жеткізіп, өйткені, СОР конференциясы алғаш рет тропикалық ормандарда ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан делегациясының басшысы Е.Нысанбаев, саммиттің бірінші күніндегі пленарлық сессия барысында еліміздің жаһандық климаттық күн тәртіпке адалдығын растап, әлемдік қауымдастықты 2025 жылы Орталық Азия елдерінде өткен негізгі климаттық іс-шаралар жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар, Париж келісімі мен ғаламдық бастамалар аясында ұлттық басымдықтарды, қаржылық қажеттіліктер мен халықаралық ынтымақтастықтың ықтимал түрлерін анықтап өтті.

Сондай-ақ, Ерлан Нысанбаев өз сөзінде өңірлік консультацияларды бастау, климаттық қаржыландыру тетіктерін әзірлеу, ғылыми ынтымақтастық желісін құру мен жобалық портфельді қалыптастыруды қоса алғанда, 2026 жылы өтетін Өңірлік климаттық саммитке дайындықтың аралық нәтижелерін баяндап берді.

Е.Нысанбаев, іс-шара аясында халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің басшыларымен және шетелдік делегациялар жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізіп, олардың барысында көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. Форумның алғашқы күні жаһандық климат мәселелеріне арналған көшбасшылардың пленарлық сессиясы мен «Климат пен табиғат: ормандар мен мұхиттар» тақырыбындағы алғашқы тақырыптық сессия өтті. Саммиттің екінші күні «Энергетикалық ауысу» мен «Париж келісімінің онжылдығы: Ұлттық анықталған үлес және қаржыландыру» тәрізді бағыттар бойынша тақырыптық сессиялардың өткізілуі жоспарлануда.

Саммит аясында «Мәңгілік тропикалық ормандар» қорының (TFFF) іске қосылуы туралы Декларация, Өртті кешенді басқару жөніндегі іс-қимылға үндеу, Орнықты отын түрлері жөніндегі Белем міндеттемесі мен аштық, кедейлік және климаттық әрекеттер мәселелеріне арналған Декларацияны қоса алғанда, климаттың өзгеруімен күрестің стратегиялық бағыттарында Бразилиялық төрағалық ұсынған бастамалар қабылданады деп күтілуде.

Сонымен бірге, іс-шара аясында тропикалық ормандары бар елдер мен инвесторларды біріктіретін «Мәңгілік тропикалық ормандар» (TFFF) қорының іске қосылуына арналған салтанатты қабылдау өтті. (СОР30) Көшбасшылар саммитінен кейін, 10-21 қараша аралығында осы Беленде БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 30-шы конференциясы тікелей өз жұмысын бастайды.