Бизнес қауымдастықтармен ынтымақтастық орнатылуда

Бизнес қауымдастықтармен ынтымақтастық орнатылуда

Бразилиа, 2025 жылғы 23 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Сан-Паулу штатының «BS Trading» компаниясының басшысы Мауро Силва мырза және «Aram Brasil» компаниясының басшысы Пауло Фрайтаг мырзамен кездесті.

Бразилия тарапы өзара қызығушылық тудыруы ықтимал бірқатар әлеуетті жобаларды ұсынды. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша қатынастарды жалғастыруға уағдаласты.

Елші өз кезегінде, Қазақстанда бизнес жүргізудің қолайлы мүмкіндіктері, шетелдік инвесторларды қолдау жөніндегі Үкімет шаралары туралы хабарлап, сұхбаттасушыларды қазақстандық әлеуетті серіктестермен байланыс орнатуға шақырды.

Тараптар, келіссөздер қорытындысы бойынша бразилиялық компаниялардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға, сондай-ақ Бразилияның Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясы (CNI) мен Қазақстанның “QazIndustry”индустрия және экспорт орталығы төрағалық ететін «Қазақстан–Бразилия» Іскерлік кеңесінің жұмысына қосылуға уағдаласты.