Перу елінде дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде

Перу елінде дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде

Лима, 2025 жылғы 5–7 қазан – Қазақстан командасы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан 2025 жылғы дзюдодан жастар әлем чемпионатына қатысуда. Перу астанасында қазақстандық спортшыларды Қазақстанның Перудағы Құрметті консулы Фреди Саравия қарсы алды.

Турнирдің алғашқы күнінде 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Дана Әбдірова финалға шықты. Осы салмақта өнер көрсеткен Д.Әбдірова бес белдесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Жартылай финалда ол Бразилия спортшысы Джиованна Андраданы айқын басымдықпен жеңіп, шешуші кездесуде жапониялық Мио Шираканеге есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Дана Әбдірованың күміс жүлдесі – 2025 жылғы жастар арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы медалі болды.Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми ақпараты бойынша, Лимада өткен жастар чемпионатына әлемнің 65 елінен 463 спортшы қатысқан.

Қазақстандық спортшы Дана Әбдірованы әлем чемпионатының күміс медалімен құттықтаймыз!