Латын Америкасының индустрияландыру және цифрландыру жөніндегі конференциясы

Латын Америкасының индустрияландыру және цифрландыру жөніндегі конференциясы

Рио-де-Жанейро, 2025 ж. 25 қыркүйек – Бразилия тарапының шақыруымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Латын Америкасы елдеріне арналған жыл сайынғы «Rio Construção Summit 2025» конференциясына қатысты.

Конференция бағдарламасымен Елшінің шетелдік қонақ ретінде «Рио-де-Жанейродағы мүмкіндіктердің жаңа белесі мен бизнес көкжиектері», «Азаматтық құрылыс пен өнеркәсіп саласындағы цифрландыру», сондай-ақ «Индустрияландыру – жаңа өнімдер мен бизнес-модельдер» тақырыптарындағы панельдік сессияларға қатысуы көзделді.

Конференция аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізіліп, өнеркәсіп пен кәсіби даярлық саласындағы бразилиялық ұйымдар мен компаниялардың стендтері араланды. Елші әңгімелесушілерді өзара тиімді ынтымақтастық орнату бойынша диалогты жалғастыруға шақырды.

«Rio Construção Summit» – Латын Америкасындағы ең ірі халықаралық конференция болып табылады және ол, құрылыс индустриясына озық технологияларды енгізу, жасанды интеллект пен техникалық нормаларды пайдалану, тұрғын үй тапшылығын азайтуға арналған бағдарламалар, инфрақұрылымды жетілдіру мен қала дамуы, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үйді қаржыландыру, урбанизация, сейсмотұрақтылық пен экологиялық технологиялар, кәсіптік - техникалық білім беру және басқа да мәселелерді қамтиды.