Қазақ спортшылары кунг-фу мен ушудан өткен әлем чемпионатына қатысты

Қазақ спортшылары кунг-фу мен ушудан өткен  әлем чемпионатына қатысты

Бразилиа, 2025 ж. 7 қыркүйек - Бразилиа қаласында 1–7 қыркүйек аралығында Латын Америкасында алғаш рет ушу-саньда (жекпе-жек) және ушу-таолу (техникалық әрі хореографиялық элементтер) бойынша жарыстар өтті. Бразилия астанасы кунг-фу мен ушудың халықаралық орталығы ретінде танылып жүр. Жарыс, Бразилия ушу-кунгфу конфедерациясы Спорт және демалысты ұйымдастыру департаментінің қолдауымен ұйымдастырды.

Аталған чемпионатқа 77 елден 800-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы жарысқа жеті спортшымен қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Тұрсынқұлов Нұрсұлтан 100 кг (абсолюттік салмақ) санатында бірінші орынға, ал Аблағатов Әлижан 70 кг (ушу саньда) салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.

Анықтамалық: соңғы жылдары Бразилиа жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын (2018), Панамерика чемпионатын (2022), сондай-ақ бірнеше Бразилия чемпионатын қабылдап, ұйымдастыру деңгейі мен жоғары техникалық шеберлігі үшін жоғары бағаланып жүр.