Гояния, 2025 жылғы 4-5 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі Гояс штатының әкімшілігі мен Гояс сауда, өнеркәсіп және қызмет көрсету қауымдастығы (ACIEG) ұйымдастырған жыл сайынғы Орталық Бразилия халықаралық сыртқы сауда жәрмеңкесіне (FICOMEX) қатысты. Іс-шараға Бразилияның 26 штатының сауда өкілдіктері, түрлі саладағы ірі компаниялар, сондай-ақ басқа елдердің дипломатиялық өкілдіктері қатысты.
ҚР Елшілігі бірқатар келіссөздер жүргізіп, Қазақстанның инвестициялық және логистикалық артықшылықтарын, сондай-ақ IT, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды. Сауда ынтымақтастығын орнату мақсатында кейбір штаттардың өкілдерімен жеке кездесулер өткізілді.