Қазақстандық Сенатор БРИКС-ке мүше және серіктес мұсылман елдерінің кездесуіне қатысты

Қазақстандық Сенатор БРИКС-ке мүше және серіктес мұсылман елдерінің кездесуіне қатысты

 Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 4–5 қыркүйек – «Рухани Жібек жолы: халықтар мен құрлықтарды жақындастырудағы рухани-адамгершілік құндылықтардың рөлі» атты VI Халықаралық конференциясы өтті. Конференция аясында БРИКС мұсылман елдері рухани көшбасшыларының II кездесуі мен Құранды оқудан БРИКС елдері өкілдеріне Халықаралық сыйлықты табыстау рәсімі өткізілді.

Іс-шараларды Мұхаммед бин Заид атындағы гуманитарлық университетпен (БАӘ) ынтымақтастықта Бразилия мұсылман қауымдастықтарының федерациясы (FAMBRAS) мен РФ Мұсылмандарының діни басқармасы ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар жалпы адамзаттық рухани-ар-ождандық құндылықтардың рөлі мен әлемдегі үйлесімділікті сақтаудың маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ рухани көшбасшылар әртүрлі құрлықтарда тұратын халықтар ұлт пен конфессияаралық ықпалдастықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Аталған шарада Қазақстан тарапын ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп бастап қатысып, ол өз баяндамасында ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп келе жатқан этнос пен дінаралық келісім саясатының маңыздылығын атап өтті және 17–18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезді жөнінде қатысушыларды хабардар етті. Бұл өз кезегінде, еліміздің бүкіл әлемде дін мен өркениетаралық диалогты тереңдетуге деген берік ұстанымының айқын дәлелі болып отыр.