Қазақстанның Эквадордағы Құрметті консулына патент табыс етілді

Қазақстанның Эквадордағы Құрметті консулына патент табыс етілді

Бразилиa, 2025 жылғы 12 тамыз - Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Эквадордағы ҚР Құрметті консулының уәкілетті өкілі-кеңесшісі Сантьяго Зунига Вилависсес мырзамен кездесті.

Әңгіме барысында Елші Эквадордағы ҚР Құрметті консулы Леопольдо Окампо мырзаны ресми түрде қызметіне кірісуімен құттықтап, оның өкіліне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық патентін табыс етті.

Тараптар экономика және сауда, мәдениет және білім беру, сондай-ақ консулдық-құқықтық мәселелер саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Негізгі назар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы алғашқы саяси консультацияларға дайындық, Құрметті консулдықтың ресми ашылуы және осы жылдың қазан айында Кито қаласында Эквадордың іскер топтарымен кездесу аспектілеріне аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Құрметті консулдық пен Елшілік арасында жоғарыда аталған мәселелер бойынша тұрақты жұмыс байланысын қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.