Бразилиа, 2025 ж. 22 шілде – ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов чилилік «ME Elecmetal» компаниясының Атқарушы директоры Евгенио Артегамен онлайн келіссөздер жүргізді.
Әңгімелесу барысында тараптар компанияның Қазақстандағы болат ұнтақтағыш шарларын өндіру жөніндегі инвестициялық жобасын іске асырудың ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылады.
Чили тарапы компанияны ҚР-да заңды тұлға ретінде тіркеу, жергілікті атқарушы органдармен жобаны жергіліктендіру бойынша келіссөздер, мемлекеттік преференциялар алу, қазақстандық тараппен бірінші сәтті жасалған «off-take» келісімі, сондай-ақ «ME Elecmetal» мен ҚР Үкіметі арасында арнайы инвестициялық келісімшартты келісу барысы туралы хабардар етті.
ҚР Елшісі чилилік компанияға жобаны жүзеге асыруда сәттілік тілеп, Елшілік жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін растады, сондай-ақ компания басшылығын биылғы жылы Қазақстан және халықаралық компаниялардың қатысуымен өтетін ірі экономикалық іс-шараларға қатысуға шақырды.