Бразилиа,2025 жылғы 20 маусым -Беларустың Бразилия Федеративтік Республикасында жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Андрей Андреев мырза Қазақстан Республикасының Елшілігіне сыпайылық жүздесумен келіп, ҚР-дың Бразилиядағы Елшіcі Болат Нүсіповпен кездесті.
Кездесу барысында дипломаттар дипкорпус арасындағы ықпалдастық мәселелерін талқылап, Бразилиямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі тустары жөніндегі ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, тараптар болу еліндегі қызмет тәжірибесімен бөлісіп, елшіліктер деңгейінде достық қарым-қатынастарды сақтауға әзірліктерін білдірді.