ФРБ Сыртқы істер министрлігінің жаңа басшылығымен кездесу

ФРБ Сыртқы істер министрлігінің  жаңа басшылығымен кездесу

Бразилиа, 2025 жылғы 16 маусым – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, ізеттілік жүздесу аясында Қазақстан бағытына жетекшілік ететін Бразилия Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары, Сьюзан Клибанк ханыммен кездесті және оның барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мен кеңейту ісіне табыс тіледі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Бразилия арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көпжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында жоғары және жоғарғы деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыру, парламенттер арасындағы достық топтар, саяси консультациялар, іскерлік кеңестің кезекті отырыстарын өткізу және екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Қазақстан Елшісі, халықаралық алаңдардағы белсенді ынтымақтастығы үшін бразилиялық тарапқа алғыс білдірді. Атап айтқанда, 2025 жылғы 4 наурызда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық сессиясында қабылданған Орталық Азия мен Ауғанстан тұрақты дамуы жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы қарарға тең автор болғаны үшін ризашылық жеткізілді.

Өңіраралық ынтымақтастық аясында, тараптар, екі ел аймақтары арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту мүмкіндігін талқылады. Бразилияның биылғы жылы төрағалығы шеңберінде Қазақстан делегацияларының шілде айында Рио-де-Жанейрода өтетін БРИКС-ке мүше және серіктес мемлекеттердің саммитіне, сондай-ақ қараша айында Белен қаласында өтетін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі СОР30 конференциясына қатысуына ерекше назар аударылды.

Тараптар, тұрақты жұмыс байланыстарын сақтауға және Қазақстан мен Бразилия басшылығының өзара сапарларына қатысты жедел ақпаратпен алмасуға дайындықтарын қайта растады.