Бразилиялық сараптамалық орталық Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтуде

Бразилиялық сараптамалық орталық Қазақстанмен  ынтымақтастықты күшейтуде

Бразилиа, 2025 жылғы 10 маусым - Қазақстан Республикасының Елшілігінде Елші Болат Нүсіповтің Халықаралық сауда, инвестициялар және орнықты даму жөніндегі Бразилия институтының (IBCIS) президенті Велбер Бараллмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екі елдің іскер топтарын басым және өзара тиімді жобаларға тарту арқылы Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, бірқатар бразилиялық компания тарапынан нақты жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Анықтамалық: Халықаралық сауда, инвестициялар және орнықты даму жөніндегі Бразилия институты (IBCIS) – халықаралық сауданы орнықты дамытуға, шетелдік инвестицияларды тартуға және бразилиялық компаниялардың шетелдегі инвестицияларын кеңейтуге бағытталған қызмет пен жобаларға техникалық және операциялық қолдау көрсететін ұйым. Осы тұрғыда институт сапалы әрі қолжетімді контент жасауды көздейтін сараптамалық орталық (think tank) ретіндегі рөлін күшейтті.