Бразилиа қ., 2025 ж. 4 маусым – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Бразилияның төрағалығымен өтіп жатқан БРИКС-ке мүше және серіктес елдердің 11-ші Парламенттік форумының ашылуына байланысты оның алқа отырысына қатысты. Іс-шараны Бразилия Ұлттық конгресінің Федералды Сенаты мен Депутаттар палатасы ұйымдастырды.
Форумның мақсаты болып, парламентаралық ықпалдастықты нығайту, ғылыми-техникалық алмасуларды ынталандыру, орнықты дамуды ілгерілету, ғаламдық басқару реформаларын қолдау, сондай-ақ парламенттердің, азаматтық қоғам мен әйелдердің БРИКС ұжымдық күн тәртібін қалыптастырудағы рөлін күшейту табылады.
Форумның негізгі сессиялары, бразилиялық төрағалықтың басымдықтарын айқындайтын: жаһандық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту; сауда-экономикалық байланыстарды, инвестициялық әрі қаржылық ықпалдастықты нығайту; климаттың өзгеруіне қарсы тұру; жасанды интеллектіні басқарудың халықаралық әдіс-тәсілдерін қалыптастыру; әлем архитектурасы мен ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін талқылау; сондай-ақ БРИКС шеңберіндегі көпжақты тетіктердің тиімділігін арттыруға бағытталған институционалды даму тәрізді алты іргелі бағытқа арналмақ.
Қазақстан делегациясы аталған іс-шарада ҚР-дың Бразилиядағы Елшілігімен ұсынылды. Жалпы, біздің елдің парламенттік форумдағы қатысуы, БРИКС мемлекеттерімен диалогты тереңдету мен өзара мүдделілік тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамыту ниетін айғақтайды.