Бразилиядағы дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесі туралы

Бразилиядағы дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесі туралы

Бразилиа, 2025 жылғы 31 мамыр – Бразилия астанасының Замана өнер мұражайында жыл сайынғы «Ұлттық тағамдар мен мәдениеттің халықаралық жәрмеңкесі» атты қайырымдылық науқаны өткізілді. Биылғы іс-шараға Бразилиядағы шамамен 60 шетелдік Елшілік пен халықаралық ұйым қатысты. Жыл сайынғы жәрмеңкенінің  ұйымдастырушысы – Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар басшылары жұбайларының қауымдастығы (GCCM). 2023 жылдан бастап GCCM қауымдастығының президенті болып, Қазақстанның Бразилиядағы Елшісінің жұбайы Гүлназия Нүсіпова табылады.

Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі жәрмеңкеде ұлттық және дәстүрлі нышандармен сондай-ақ кәдесый өнімдерімен безендірілген стендін ұсынды. Қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары да паш етілді.

Атап айтқанда, жәрмеңке қонақтарының ерекше қызығушылығын Елшілік қызметкерлерінің жұбайлары әзірлеген ұлттық тағамдар мен қолөнер кәдесыйлары тудырды. Қазақстандық стендке келген қонақтар, қонақжайлылықпен және қазақтың ұлттық тағамдарының сан алуандығымен тамсанды. Сонымен қатар, Елшілік қызметкерлерінің балалары жәрмеңкеде ұлттық көрсетілім жасап, ол «Саржайлау» және «Домбыра туралы толғау» атты танымал қазақ әндерімен сүйемелденді.

Дәстүр бойынша, іс-шара барысында жиналған қаражат қазіргі уақытта GCCM қолдайтын:  «Osceia O Lar de Euripedes» (Бразиландия), «CRGDASE Lar de Idosos» (Лузиания), «Projeto Estruturando Vidas» (Круз де Мальта, Ориентал), «Instituto Doando Vida» (Санта-Лузия), «Centro Social Inga, Enlace-ACEHU» (Сан-Себастьян) тәрізді Федералды округтің қайырымдылық ұйымдарына берілді.