Перумен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Перумен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилиа, 2025 жылғы 29 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Перудің Бразилиядағы Елшісі Ромуло Акуриомен кездесті.

Кездесу барысында тараптар, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Келіссөздер күн тәртібіне биыл екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында Лима қаласында жоспарланған саяси консультациялардың екінші отырысына қатысты ұйымдастырушылық және мазмұндық тұстары да енді.

 Қазақстан Елшісі өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Перу Республикасындағы мүдделерін қорғау өкілеттіктері Бразилиядағы Қазақстан Елшілігіне жүктелуі туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Перу Сыртқы істер министрлігіне арналған нотасын табыс етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар, екі елдің дипломатиялық өкілдіктері деңгейінде тұрақты жұмыс байланысын сақтауға уағдаласты.