Бразилиялық баспа Елшілік кітапханасына бірнеше кітап сыйлады

Бразилиялық баспа Елшілік кітапханасына бірнеше кітап сыйлады

Бразилиа, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіповтің танымал бразилиялық «Capella» баспасының бас директоры Даниэль Перейрамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қонақтар компания шығарған заманауи өнер туындыларының көркем басылымдарының бірқатар үлгілерін ұсынып, түрлі баспа түрлері мен кітаптардың беттелуі мен шығарылу үдерісі жайлы ақпаратпен бөлісті. Бразилияның заманауи өнеріне арналған бірнеше кітап, Елшілік кітапханасына сый ретінде тарту етілді.

Елші көркем басылымдардың таныстырылымы үшін алғысын білдіріп, басылымдардың бірегей стилі мен сапасын атап өтті. Тараптар, Қазақстан мен Бразилияның баспа үйлері арасында ынтымақтастық орнатуға келісті.