Бразилиa, 2025 жылғы 22 мамыр – ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов бразилиялық «Altona» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Азия бойынша Басқарушы директоры Вагнер Шугасчимен онлайн кездесу өткізді. Әңгіменің тақырыбы оның ү.ж. 23-29 сәуірде Қазақстанға жұмыс сапарының қорытындыларына арналды.
Атап айтқанда, сұхбаттасушы, компанияның Даму жөніндегі директоры Гильермо Брустонимен бірге Астана мен Қарағандыға жасаған сапарының қорытындылары мен «Кармет» АҚ, «ҚЛМЗ» АҚ, «НК Kazakh Invest», «Машинажасау одағы» басшыларымен өткен келіссөздер, сондай-ақ ү.ж. 23-24 сәуірде Астанада өткен Машина жасаушылардың XII форумына қатысуы туралы баяндады.
ҚР Елшісі «Altona» компаниясына қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастық мүмкіндігін қарауды ұсынып және алдағы уақытта табыс тілеп, ҚР Елшілігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге әзірлігін білдірді. Бразилиялық компанияның Қазақстанға сапары, 2024 ж. 22 қазанда өткен онлайн кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылды.
Анықтамалық: «Altona» компаниясы 1924 ж. құрылып, болат құю және өңдеу өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. 1500-ден астам қызметкері бар және қазіргі уақытта 25-тен астам елдегі болат құю жобаларына қатысады. 2024 ж. компания өзінің 100 жылдығын атап өтті.