Бразилиа, 2025 жылғы 21 мамыр – Бразилия муниципалитеттерінің ұлттық конфедерациясы (CNM) және VBH Бразилиялық климаттық институтының шақыруымен Қазақстанның Елшісі Болат Нүсіпов «СОР30-ға жол» атты панельдік сессияға құрметті қонақ ретінде қатысып, «MARCHA-2025» Бразилия муниципалитеттерінің XXVI конгресінде баяндама жасады. Іс-шараға Экология министрі Марина Силва, Интеграция және өңірлік даму министрі Вальдес Гоэс және CNM президенті Пауло Циулкоски қатысты.
Елші, өз сөзінде бүгінде Қазақстанда климаттың өзгеру салдарын еңсеру мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған көптеген жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, 2023 жылы Қазақстан өзінің Париж келісімі аясындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын қамтитын ұлттық анықталған үлесін (NDC) жаңартты.
Осы орайда, Қазақстан дипломаты, Қазақстан Үкіметі БҰҰ бағдарламасымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан серіктестік су бастамасын атап өтті. Бұл бастама, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға және су ресурстарын басқаруды институционалдық нығайту мен өңірлік ынтымақтастық арқылы дамытуға бағытталған.
Осы тұрғыда Елші, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында 2026 жылы елімізде БҰҰ-ның Өңірлік климаттық саммитін өткізу туралы бастама көтергенін қатысушыларға хабарлады. Бұл саммит, климат өзгеруіне қарсы күресте халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге септігін тигізеді.
Іс-шараны CNM ұйымдастырды және дәстүрлі түрде шамамен мыңға жуық қатысушыларды – өңір губернаторларын, қалалар мен муниципалитеттердің мэрлерін, жергілікті үкімет хатшылары мен муниципалдық басқару өкілдерін біріктіреді. Конгресс осы жылы 19-22 мамыр аралығында өтуде. Онда федерализация, парламентаризм, қоғамдық қауіпсіздік, экология, денсаулық сақтау және білім беру тәрізді тақырыптар талқыланбақ.
Биылғы жылы Конгресс, Бразилияның СОР30 климаттың өзгеруіне қатысты халықаралық конференциясында төрағалық етуі аясында климат өзгеруімен күрес және аймақтардың экологиялық мәселелерін шешу мәселелеріне ерекше назар аударып отыр.