Инвестиция және сауда – тұрақты ынтымақтастықтың негізі

Инвестиция және сауда – тұрақты ынтымақтастықтың негізі

Братислава, 2025 жылғы 23 сәуір – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словакияның Инвестициялар мен сауданы дамыту агенттігінің (SARIO) атқарушы директоры Роберт Шимончичпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларына қатысты кең ауқымды тақырыптарды талқылады. Өзара инвестицияларды ынталандыру, бірлескен жобаларды ілгерілету және екі ел арасындағы сауда қатынастарын одан әрі кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.