Братислава, 2025 жылғы 2 сәуір – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мариан Керимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мен күн тәртібіндегі қазіргі халықаралық ауқымды мәселелерді талқылады.
Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары, достық топтары мен мамандандырылған комитеттер арқылы байланыстарды дамыту, сондай-ақ заң шығару саласындағы тәжірибе алмасуды кеңейту – мүдделі пікірталастардың негізгі тақырыбы болды. Халықаралық парламенттік ұйымдардың жұмысына қатысу аясында екі елдің парламентшілері арасындағы байланыстарды орнатуға ерекше назар аударылды.
Тараптар парламентаралық диалогты жандандыру, Қазақстан мен Словакия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға тікелей ықпал ететініне сенім білдірді.