Қазақстан Елшісі Банска-Быстрица мен Зволеннің азат етілуі жолында қаза тапқан батырларды еске алу рәсіміне қатысты

Қазақстан Елшісі Банска-Быстрица мен Зволеннің азат етілуі жолында қаза тапқан батырларды еске алу рәсіміне қатысты

Банска-Быстрица, 2025 жылғы 25 наурыз - 2025 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанна Сағынова Банска-Быстрица қаласының азат етілуінің 80 жылдығына арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Іс-шараға Словакия Республикасының Президенті Петр Пеллегрини, Үкімет мүшелері, жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ Словакияға аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Рәсім барысында қатысушылар азаттық жолында жанын пида еткен батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Азат етушілер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ресми тұлғалар өз сөздерінде Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғаларын тарихи жадыда сақтау, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшіліктің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі 14 наурызда азаттығының 80 жылдығы аталып өтілген Зволен қаласында ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл әрекет азат етушілердің ерлігіне деген терең құрметтің және словактардың бостандығы мен бейбітшілікті қорғау жолында өмірін қиған жандарға тағзым етудің айқын көрінісі болды.

Бұл еске алу іс-шаралары тарихи жадыны сақтау мен елдер арасындағы қатынастарды нығайтудың маңызды екенін көрсетті. Қазақстан Елшісі мұндай оқиғалардың бейбітшілікті қорғау жолындағы бірлік пен ынтымақтастықтың және болашақ ұрпақтың игілігі үшін маңыздылығын атап өтті.